RU

СҚО-да құс тұмауы салдарынан фабрикалар жабылудың алдында тұр (фото)

қстар кр
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Құс тұмауы өршіген еліміздің солтүстігіндегі құс фабрикалары жұмыссыз қалуы мүмкін. Кәсіпорындарда күн сайын он мыңдаған құс қырылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпорындарда құстар жаппай қырыла бастаған соң облысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған арнайы топ келді.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, олардың мақсаты - аймақты вакцинациялау және дезинфекциялау, сондай-ақ құстардың денелерін жою сияқты эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және үйлестіруге көмектесу.

Барлық өлген құстар қоқысқа арналған шұңқырлары бар арнайы жерлерге жеткізіледі. Осылайша, инфекцияның одан әрі кәсіпорынның айналасындағы тұрғын үй секторына таралуына жол берілмейді

"Бұл өліктерді жоюға, оны кейін өртеуге арналған шұңқырлар. Фабриканың айналасындағы тұрғын-үй секторларына ауруды таратып алмас үшін ауру құстың денесін ашық ауада қалдыруға болмайды", - деді Бишкульский құс фабрикасының БАҚ технологы Татьяна Костенко.

Өртеген соң шұңқырларға жұмсақ саз салынады.

Костенконың айтуынша, 10 қыркүйекте 320 мың тауық пен 6 мың қаздардан індет анықталған.

"Бүгінгі күні жұмыртқа беретін тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан астамы қайтыс болды, бүгін тағы 30-40 мың өлім болуы мүмкін. Аналық қаздар қалмады десе де болады. Аурудың қарқыны қатты болғандықтан, бірнеше тәулікте он мыңдаған құс қырылып қалды", - дейді технолог.
қстарр
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Зауыт қызметкерінің айтуынша, вакцинацияға бюджет жетіспейді. Қолда бар қаражат қаздарға жұмсалған, оларға препарат жеткіліксіз болған. Мәліметтерге сүйенсек, вакцинаның мың дозасы шамамен 50 мың теңге тұрады.

Сондай-ақ Костенко алдағы көктемде адамдардың құстарсыз қалуы мүмкін екенін айтты.

"Өңірдегі құс фабрикаларының қызметі тоқтауы мүмкін. Үлкен трагедия келгенін түсініп отырмыз", - деді Татьяна Костенко.

Вице-министр Гүлмира Исаева сондай-ақ республикалық эпизоотияға қарсы отряд құстардың өлуіне байланысты өтемақы төлеу үшін иелерінен өтініштер қабылдап жатқанын еске салды.

"Меншік иелері есепшоттар ашуы керек, оларға құстың және құс басының түріне байланысты құстың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы аударылады, бағаны Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия жариялайды", - деді шенеунік.

Сондай-ақ, ол өңірге өзімізде өндірілген вакцинаның үлкен партиясы келгенін айтып, бұл эпидемиямен күресуге көмектесуі керек деп мәлімдеді.

"Бүгінгі күні өңірге Отар қаласында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты жергілікті штамдардан өндірілген отандық вакцина келді. Солтүстік Қазақстан облысына 873 мың доза жеткізілді", - деді Исаева.

Айта кету керек, ведомствода СҚО-ға көршілес өңірлерде де құстардың жаппай қырылып жатқаны туралы деректер бар. Мәселен, Павлодар облысында 3 ауылда, Қостанай облысында 3 ауылда, Ақмола облысынд 1 ауылда құс тұмауы өршіп тұр. Вакцина осы өңірлерге де жеткізіледі.

Еске сала кетсек, СҚО-ның 7 ауданында жаппай құс өлімі тіркеліп, оның себебі құс тұмауы екені хабарланды.

Кейінірек, 10 ауылда құс тұмауы өршіген соң карантин режимі енгізіліп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875297-sko-da-ks-tmauy-saldarynan-fabrikalar-zabyludy-aldynda-tr-foto.html