RU

Ақмола облысында танысының көлігін ұрлап кеткен әйел апатқа ұшырады

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының Атбасар ауданында 29 жастағы тұрғын танысының көлігін сұраусыз мініп кеткен келіншек ұсталды. Белгілі болғандай, ол жолдан ауытқып, бөтен біреудің көлігіне зақым келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Instagram-дағы Ақмола облысы полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

17 қыркүйекте полицияға 31 жастағы ер адам хабарласып, досының сүйіктісі оның Volkswagen Golf автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан.

Біраз уақыттан кейін полицейлер ұрланған көлікті Жамбыл көшесінің бойындағы бір жарым метр тереңдіктегі жартаста сынған күйінде тауыпты. Көлік иесі оның шығынын 1,3 миллион теңгеге бағалады.

Сонымен қатар, күдіктінің көліктен түсіп, үйіне кеткені белгілі болды. Тәртіп сақшылары 29 жастағы тұрғынды тапты. Ол сол күні дүкенге барғанын, жол жөнекей оталып тұрған көлікті көргенін сөз етті. Айтуынша, әйел көлікпен серуендеп, қайта оралуға шешім қабылдаған.

Бірақ барлығы өз ойлағандай болмай шығады. Ол рөлді басқара алмай, жолдан ауытқып кетіп, көлікке зақым келтірген. Қорыққан бойжеткен оқиға орнынан бірден ізін суытыпты.

Тергеу "Автокөлікті немесе басқа көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз тәркілеу" бабы бойынша жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жол апатынан 3 адам көз жұмған еді.

Айта кетейік, Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Кортежге көліктерін ұсынған азаматтардан бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875307-akmola-oblysynda-tanysyny-kligin-rlap-ketken-jel-apatka-syrady.html