Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы түрмеде үйлену тойы өтті (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақ Жайық

Атыраудағы тергеу изоляторында айыпталушы Денис пен оның бостандықтағы сүйіктісі Ксенияның некелері қиылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Тергеу изоляторының мәжіліс залында залында шарлар ілініп, ортаға торт пен жеміс-жидек, сусындар қойылған.

"Бүгін бізде шағын той. Әрине, бостандықтағыдай аққайнар атып, бимен тойлай алмаймыз, бірақ жас жұбайлар осы күнді естерінде мәңгі сақтау үшін бар жағдайды жасаймыз", - деді сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қаламқас Әшәрхан.
фото
Фото: Ақ Жайық

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы Денис бірнеше ай бұрын тергеу изоляторына түскен. Ал өткен аптада қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сот үкімімен ол үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкіміне кесілген.

Этаппен басқа өңірге жіберілмес бұрын, Денис пен Ксения некелерін қиюды жөн санаған.

Ксения екеуміз бірнеше жыл бұрын танысқанбыз, бірге тұрдық. Бірақ өкінішке орай осындай жағдай болып, бас бостандығымнан айырылдым. Екеуміз ойлана келе некемізді қиюды жөн санадық. Өйткені баламыздың заңды әкесі болуы керек", - деді айыпталушы.

Ксения да сүйіктісінің айтқанымен толық келісетінін жеткізді.

"Бала тәрбиесінде әкенің орыны бөлек қой. Сол себепті жұбайымның тезірек бостандыққа шыққанын күтіп, оған баламызбен барып тұрамыз. Ол әкесін біліп өсіп, кейін әке тәрбиесін алады. Оның болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, барымызды саламыз", - дейді қалыңдық.

Фото
Фото: Ақ Жайық

Еске сала кетейік, бұған дейін Гвинея президентінің ел алдында еңбек министрін сабап тастағанын жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы шенеуніктің атқарған жұмысы мен қызметіне деген салғырттығына көңілі толмай, ашуға бой алдыра оны соққыға жыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875308-atyraudagy-trmede-jlenu-tojy-tti-video/

pixel