RU

Алдағы үш күнде ауа райы бұзылып, кей өңірлерде қар жауады

ауа райы қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, солтүстікте қар жаууы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның ауа райы болжаушылар алдағы үш күнде күн райының қандай болатынын айтты.

Мамандардың болжамына сәйкес, 22-24 қыркүйек аралығында еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына биік жыра әсер ететін болады.

Соның салдарынан жел күшейіп, ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жаууы ықтимал.

Ал Қазақстанның солтүстігінде апта ортасында жаңбыр жауы, оның соңы қарға қласып кетуі мүмкін. Тек республиканың батысында ғана жауын-шашын тоқтауы күтіледі.

Еске сала кетсек, Қазгидромет мамандары 21 қыркүйекке ауа райы болжамын жасаған еді. Соған сәйкес, бүгін Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Сондай-ақ кеше Талдықорған маңында жер сілкінісі болды.

Жер сілкіну эпицентрі облыс орталығынан 10 шақырым, оңтүстік астанадан 222 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 7.7.

MPV магнитудасы - 3.2.

Эпицентрдің орналасқан жері 44.90° с.е. 78.38° ш.е.

Тереңдігі - 10 км. Жер сілкінісі

Талдықорған ішінде (МSК-64 шкаласы бойынша) 2-3 балл болып сезілді. Анықталғандай, департамент жер сілкінісі жайлы ақпарат алған бойда жергілікті атқарушы органдарды, полицияны, прокуратураны, Қазселденқорғау және тағы да басқа маңызды қызметтерді хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875329-aldagy-s-knde-aua-rajy-bzylyp-kej-irlerde-kar-zauady.html