RU

Қызылорда облысында екі ер адам 55 жастағы әйелді күштеп ұстап отырған

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда облысында екі ер адам 55 жастағы әйелге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасамақ болып, оны заңсыз ұстап отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, құрықтаған.

"Қызылорда облысында полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді заңсыз ұстап, ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа итермелеген екі ер адамды анықтады. Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағымен "қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция басқармасының басшысы Думан Таев.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістанда бейтаныс жігіт бойжеткенді алып қашып, зорлаған еді.

Жәбірленуші жеңгесімен оқуға шыққанда, бейтаныс жігіттердің оны көлікке басып, әкеткенін сөз етті.

Айтуынша, о баста көршілес Кентау қаласына апарып, көнбегесін Шымкенттегі туыстарының үйіне күштеп кіргізіпті. Өзінің қарсыласқанына қарамастан сол жерде арам ойын да жүзеге асырған.

Сондай-ақ, айта кетейік, Ақмола облысында үш жігіт 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелді.

Зорлық-зомбылық актілері өткен жылдың желтоқсанынан биылғы маусымға дейінгі аралықта болған.

Құқық қорғаушылар мәлім еткендей, аталған іс бойынша күдікке ілінген үш адам ұсталып, изоляторға қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875339-kyzylorda-oblysynda-eki-er-adam-55-zastagy-jeldi-kstep-stap-otyrgan.html