RU

Мыңдаған қазақстандық Questra World қаржы пирамидасының құрбаны болды

Ақша доллар1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі ведомстводағы онлайн-брифингте мыңдаған қазақстандықтың Questra World қаржылық пирамидасының Қазақстандағы қызметінен зардап шеккенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз тергеу басқармасы 2016-2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деген атпен қаржылық пирамида құру бойынша бірқатар қазақстандықтар мен басқа елдердің азаматтарына қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бұл ұйымдардың әрекеттерінен мыңдаған қазақстандық зардап шегіп, шығын көлемі миллиард теңгеден асқан.

Өткен аптада жүздеген қазақстандықтың Qnet желілік компаниясына шағымданғаны белгілі болды. Олардың айтуынша, 160 миллион теңге шығын келтірілген.

Аталған факт бойынша елімізде Қылмыстық кодекстің 217 бабы – "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша 29 қылмыстық іс тергелуде.

Сонымен бірге, ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов "алаяқтық үшін жауапқа тартылып жатқан "Гарант 24", "Пайдалы несие" және "Мүлік ломбарды" ломбардтарының басшылығынан 29 пәтер, 15 автокөлік және 6 үй тәркіленді" деп мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, аталған ломбардтардың үстінен 17 000 шағым түскен. Соттың шешімі бойынша барлық мүлік жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында сатылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875351-mydagan-kazakstandyk-questra-world-karzy-piramidasyny-krbany-boldy.html