RU

Қырғыз депутаттары мен сайлаушылардың кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды

қырғыздар1
Видеодан кадр: twitter.com/BakytTorogeldi

Қырғызстанның Ош облысындағы Араван ауданында депутаттардың сайлаушылармен кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті ішкі істер басқармасының ақпаратынша, төбелеске шамамен 100 адам қатысқан. 12 адам ауруханаға жатқызылып, үшеуі қамауға алынған.

Жанжал "Мекеним Кыргызстан" және "Биримдик" партияларының жақтастары арасында туындаған.

"Мекеним Кыргызстан" партиясы сайлаушылармен кездесуді олардың кандидаты, депутат Ильхом Маннанов өткізді деп мәлімдеген. Іс-шара ылаң салушылардың кесірінен тоқтап, олар адамдарды ұра бастаған. Партияның жақтастарының бірі ауыр жағдайда жатыр.

Ал "Биримдик" партиясы сайлауалды кампания қатысушылары ұйымдастырған ылаңның ашу туғызғанын айтқан. Ильхом Маннанов секілді "Биримдик" кандидаты Шукурулло Файзуллаевтанда жауап алынып жатыр.

Айта кетсек, биыл 4 қазанда Қырғызстан парламентінің Жоғарғы кеңесінде сайлау өтеді.

Еске сала кетсек, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеудегі диаспора басшысы Райымқұл Аттакуровтың елдің Ресей Федерациясына кіру мүмкіндігін қарастырып жатыр деген мәлімдемесіне түсініктеме берген еді.

Айта кетсек, Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын қашан ашатыны туралы жазған едік.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе байланысы қайта жанданады. Алғашқы рейс жексенбі, 20 қыркүйек ұшады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875356-kyrgyz-deputattary-men-sajlausylardy-kezdesui-zappaj-tbelespen-aaktaldy-video.html