RU

Қызылордада екі тұрғын әйелді бір апта бойы зорлаған: Оқиғаға қатысты тың дерек шықты

фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қызылорда облысында 55 жастағы әйелді бір апта бойы ұрып-соғып, зорлаған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев адам саудасы туралы брифингте мәлімдеді деп KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, өңірде полиция қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстың бетін ашқан. Екі жергілікті тұрғын қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді бір апта бойы заңсыз ұстап, ұрып, зорлаған.

"Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлімі 2-тармағы "Адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Таев.

Айта кетсек, бұл бап бойынша 5-тен 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осыған ұқсас жағдай Алматыда да орын алды. Оңтүстік астанада әйелдердің 16 жастағы қыз баланы алдап, бес ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды..

Таевтың сөзінше, әйелдер қыздың мәліметтерін жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландырумен қоса интернет-ресурстарға жариялаған. Бұған қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, "STOP трафик" операциясының үш күні ішінде адам саудасымен байланысты 50-ден аса қылмыс анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875375-kyzylorda-eki-trgyn-jeldi-bir-apta-bojy-zorlagan-okigaga-katysty-ty-derek-sykty.html