Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tengri Bank лицензиясының күші жойылғанына қатысты қаржы министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Тенгри1
Көрнекі фото: tengribank.kz

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы Жанат Еліманов онлайн-брифинг барысында Tengri Bank лицензиясының күші жойылуына қатысты пікір білдірді. Ол экономикалық тергеу қызметі тергеу жүргізіп жатпағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Экономикалық тергеу қызметінің процесінде Tengri Bank басшыларына қатысты бірде-бір іс жоқ, бұл қылмыстық істі басқа органдар тергеп жатыр. Мен түсініктеме бере алмаймын, өйткені біз бұл істі тергеп жатқан жоқпыз.
Менің білуімше, іс Бас прокуратураның өндірісінде болған, істің қазіргі мән-жайы маған белгісіз", – деп түсіндірді Еліманов.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде.

Әбішевтің қамауға алынғаны, тергеу әрекеттері жалғасқаны белгілі болды.

Одан бөлек, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мыңдаған қазақстандықтың Questra World қаржылық пирамидасының Қазақстандағы қызметінен зардап шеккенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асып түскен.

2016-2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management деген атпен қаржылық пирамида құру бойынша бірқатар қазақстандық пен басқа елдердің азаматтарына қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Оған қоса, еліміздің үшінші мегаполисінде сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы 500 млн теңгеден астам қаражат жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875384-tengri-bank-licenziasyny-ksi-zojylganyna-katysty-karzy-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel