Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда жүрген Сәдуақасованың демалысы қалай өтуде (фото, видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова ұлымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өзге елдер шекарасын ашқан бойда алғашқылардың бірі болып шетелге демалысқа аттанды. Өнер иесі ұлы мен туған сіңлісін алып, Мысырға ұшып кетті. Бүгінде әнші демалысы қалай өтіп жатқанын жанкүйерлеріне көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова демалысқа аттанғалы Instagram парақшасын күнделікті жаңартатын болған. Өнер иесі ыстық Мысырдан фотолар мен видеолармен бөлісіп, өз оқырмандарын қуантты.

Эстрада жұлдызы ұлы мен сіңлісімен теңізге шомылып, сол мекендегі тарихи жерлерді аралап жүр. Оған қоса, әнші демалысынан бөлек, алуан түрлі образда фотосессия жасап үлгерген.

Желі қолданушылары Сәдуақасованың суреттерінің астына пікірлерін қарша жаудырып жатыр. Бірі оның демалыста да әдемі болып жүргеніне тәнті болса, енді бірі оның пандемия кезінде демалып жатқанын сынға алуда.

"Өте сұлусыз, қашан көрсек те әдемі болып жүресіз. Мақтан тұтамын, үлгі тұтамын" , "Неше түрлі образ ойлап табасыз, талғамыңызға тәнтімін" , "Ұлыңыз сондай сүйкімді" , "Керемет, демалысыңыз жақсы өтсін. Абай болыңыз" , "Пандемияда кім барады демалысқа? Сіздің бұл қылығыңыз дұрыс болмады. Одан да мұқтаждарға көмектессеңізші" , "Жолдасыңызсыз қалай барғансыз?" , "Мен күйеуімсіз бара алмайды екенмін" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың Мысырға демалуға кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875397-mysyrda-zrgen-sduakasovany-demalysy-kalaj-tude-foto-video/

pixel