RU

Рейске қалай тез әрі қауіпсіз тіркелуге болады

Air Astana
Фото: Air Astana авиокомпаниясының баспасөз қызметі

Жолаушылардың әуежайдағы уақытын азайту және сәйкесінше коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету үшін қазақстандықтарды авиарейстерге онлайн тіркелуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Air Astana әуе компаниясы жолаушылар рейске қалай өздігінше тіркеле алатынын айтып берді. Бұл әуе тасымалдаушысының сайты немесе App Store мен Play Market-те бар Air Astana тегін мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ, өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінде жүзеге асады.

Air Astana әуе компаниясының жердегі қызмет департаментінің өнім менеджері Татьяна Джанның айтуынша, бүгінде көптеген қызмет онлайн көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты, тасымалдаушы коронавирус инфекциясының таралуы мен адамдардың жиналуын болдырмас үшін рейске тіркеуді онлайн жүргізу мүмкіндігін атап өтті.

Air Astana
Татьяна Джан. Фото: Air Astana авиокомпаниясының баспасөз қызметі

Рейске тіркелу алгоритмі airastana.com сайтында да, Air Astana қосымшасында да, өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінде де бір. Нақтырақ айтқанда, жолаушылар келесі қадамдарды орындауы тиіс:

  • "Менің саяхатым" әрі қарай "Онлайн тіркелу" бөлімін таңдаңыз;
  • өз тегіңіз бен брондау нөмірін/ электронды билет нөмірін енгізіңіз;
  • қауіпті заттарды тасымалдаудағы шектеулермен танысқаны және келіскені туралы белгі қойыңыз, қалауы бойынша жүк сөмкесінің орнын өзгертуге және оның санын көрсетуге болады;
  • азаматтығыңыз мен жынысыңызды көрсетіп, растаңыз;
  • өткір және қауіпті заттар туралы ережелерді толтырыңыз;
  • содан кейін отырғызу талондарын электрондық пошта арқылы алу, басып шығару немесе телефонда сақтау ұсынылады.

Мобильді отырғызу талонын таңдаған кезде оны iOS құрылғылары үшін Passbook/Wallet-ке немесе Android үшін Pass2U қосымшасына қосыңыз.

Онлайн тіркелу кезінде багаж әуежайда арнайы тағанда тапсырылады, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан басқа, қазақстандықтар рейске Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу залдарында орнатылған өзін-өзі тіркеу дүңгіршектерінде тіркеле алады.

Татьяна Джан онлайн-тіркелу 21 қыркүйектен бастап ұшуға дейін 36 сағат бұрын қолжетімді екенін, жұқтыру қаупін азайту үшін уақыт бұрын қолданыстағы регламенттен 12 сағатқа ұзартылғанын атап өтті.

Air Astana
Фото: Air Astana авиокомпаниясының баспасөз қызметі

Онлайн-тіркеу ұшудан 60 минут бұрын жабылады.

Қазақстан мен басқа елдер тарапынан енгізілген қосымша талаптарға байланысты халықаралық рейстерге онлайн-тіркелу уақытша қолжетімсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875424-rejske-kalaj-tez-ri-kauipsiz-tirkeluge-bolady.html