RU

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы құс тұмауының шығу себебін жариялады

Көгершін1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте елде құс тұмауының таралу себебін атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлмира Исаеваның айтуынша, эпизоотикалық сараптама барлығы қазіргі уақытта солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударып жатқан жабайы құстардың өлімінен басталғанын көрсетті. Сонымен қатар, ол құстардың инфекциясы ортақ су объектілерін пайдалану салдарынан болғанын баса айтты.

"Зертханалық зерттеулер жүргізіліп, соңғы диагноз – жоғары патогенді құс тұмауы анықталған бойда барлық қажетті шаралар қабылданды", – деді Исаева.

Спикердің айтуынша, біздің елде көршілес Ресейдегідей – H5N8 вирусы таралғаны зертханада расталған. Бұл құс тұмауының вирусы адамдар үшін қауіпсіз дейді. Тиісінше, құс өнімдері де қауіпсіз.

"Аталған өнімдерді дұрыс өңдегеннен кейін жеуге болады", – деді ол.

Сонымен қатар, тірі құстарды экспорттауға шектеулер басқа аймақтарда құс инфекциясын жұқтыру қаупін болдырмау мақсатымен байланысты.

Өз кезегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда адамдар арасында құс тұмауымен ауыру оқиғалары жоқ екенін айтты.

Құс фабрикаларында ауру құстармен байланыста болған 400-ге жуық адам анықталды. Олардың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Еске салсақ, құс тұмауы өршіген еліміздің солтүстігіндегі құс фабрикалары жұмыссыз қалуы мүмкін. Кәсіпорындарда күн сайын он мыңдаған құс қырылып жатыр.

Оға қоса, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы құс тұмауының өршуінің коронавирус пандемиясымен байланысы бар-жоғын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875427-auyl-saruasylygy-ministrligi-kazakstandagy-ks-tmauyny-sygu-sebebin-zarialady.html