Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер Назарбаев костюмдерді қалай таңдайтынын айтып берді (видео)

Опубликовано:

Назарбаев 54656
Фото: Elbasy.kz

Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Нұрсұлтан Мағзұмов Елбасыға қалай костюм сыйлағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мағзұмов Feya Perizat подкаст жобасының қонағы болды.

Айта кетейік, былтыр қыста Нұрсұлтан Назарбаев ерлер костюмін өндіретін Shoqan отандық брендін мақтап, барлық министрлерге қазақстандық киім өндірушілерге көшуге кеңес берген еді. Нұрсұлтан Мағзұмов - аталған Shoqan брендінің негізін қалаушылардың бірі.

Жастар жылының ашылу салтанатында бренд өкілдері тұңғыш президентке өз өнімдерінен екі костюмді сыйға тартуға шешім қабылдаған. Мағзұмов Feya Perizat жобасында Елбасына костюмді қалай таңдағандарын айтып берді.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, оларды президент әкімшілігіне шақырып, хаттама және ережелермен таныстырған.

"Оның өлшемі – 54. Хаттамаға сәйкес, дене бітімі Елбасымен бірдей адам киімді киіп көреді, қай жері шақ келмейтінін айтып, қысқарту керек жерлерін көрсетеді", – дейді Мағзумов.

Содан кейін арнайы қызметкерлер костюмді радиоактивті немесе басқа да зиянды заттарға тексерген.

"Пішімін, ондай ештеңесін тексермейді. Бастысы – қауіпсіздік, және костюм тура келуі керек. Олар тексеріп болған соң барлығы дұрыс екенін, сыйлай беруге болатынын жеткізді", – дейді блогер.

Еске сала кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен еді. Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бұған дейін Елбасы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875433-belgili-bloger-nazarbaev-kostumderdi-kalaj-tadajtynyn-ajtyp-berdi-video/

pixel