Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ливанда қазақстандық бітімгер марапатталды

Опубликовано:

Ливан
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ағымдағы жылдың тамыз айындағы қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді.

Жауынгерлік және бітімгершілік даярлық бойынша үздік көрсеткіштері, жоғары әскери тәртібі үшін ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Вячеслав Моорға бағалы сыйлық тарту етті.

Ливан
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

4-ші жиынтық бітімгершілік рота ағымдағы жылғы бірінші тамызда Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлер Ливанда бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде олар өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.

Ливандағы бітімгер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875448-livanda-kazakstandyk-bitimger-marapattaldy/

pixel