Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев БҰҰ іс-шарасында бейнеүндеу жасайды

Опубликовано:

Тоқаев 456
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейне үндеу жасайды", – деп мәлім етті Берік Уәли.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей көрсетілімін мына сілтемеден көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильинді қабылдағанын жазған едік.

Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы жылыту маусымымен және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сондай-ақ, көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы бастаманы президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875452-tokaev-b-is-sarasynda-bejnendeu-zasajdy/

pixel