RU

Нұр-Сұлтанда бала күтуші ұры болып шықты

Няня1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордада бала күтуші болып жұмыс істеген қыз үй иесінің құнды заттарын ұрлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Қала тұрғыны полицияға арызданып, пәтерінен алтын бұйымдарының, қаракүзен ішігі мен ақша қаражатының ұрланғаны туралы арызданды.

Әйелдің айтуынша, құнды заттарының жоғалуына отбасында жұмыс істейтін 21 жастағы қызға күдік бар. Күдікті отбасында осы жылдың қаңтарынан бала күтушісі болып жұмыс істеген. Бала күтушісі алтын бұйымдарды, қаракүзен ішігін және 600 долларды шілде айының соңында ұрлағаны, алайда үй қожайындары заттардың жоғалғанын таяуда ғана анықтағаны белгілі болды", – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, осы уақытқа дейін күдікті аталған отбасыда бала күтушісі ретінде жұмыс істеп келген. Ұрланған заттарды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп, түскен қаражатты өз қажетіне жаратқан.

"Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қылмыстық кодесінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұрлық жасағанын мойындап отыр", – деп атап өтеді департаменттен.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда дүкендерде жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлі қыздар ұсталғаны туралы жазған едік.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пәтер алуға көмектесуге уәде етіп, петропавлдықты 5 млн теңгеге алдап кеткен еді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875464-nr-sltanda-bala-ktusi-ry-bolyp-sykty.html