RU

Осыдан тоғыз жыл бұрын Маңғыстауда жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды

Қыз бала1
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысында тоғыз жыл бұрын үйден кеткен қыз табылды. Мұндай қашудың себебі емтиханның нашар нәтижесі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қыз жоғалып кеткені туралы 2011 жылы белгілі болған еді. Ол кезде қыз он алты жаста еді. Ата-анасы полицияның көмегімен қызын табамыз деп үміттенді.

Алайда, кейінірек, нәтижеге қол жеткізе алмай, олар оның қайтыс болуы мүмкін екенін мойындады. Соған қарамастан, тоғыз жылдан кейін полиция үйінен қашқын қызды тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының ДП баспасөз қызметінде хабарлады.

Полицияның айтуынша, тоғыз жыл бұрын қыз емтихан тапсыру үшін мектепке барған. Алайда, содан бері оның туыстарының ешқайсысы оны қайта көрмеген.

Белгілі болғандай, жоғалған жасөспірім мектеп емтихандарын тапсыра алмапты, сондықтан ол үйіне оралуға ұялған. Нәтижесінде қыз қашуға шешім қабылдаған көрінеді.

Осы уақыт бойы полиция қашқын қызды іздеп, оны тоғыз жылдан кейін Алматыдан тапты. Полицияның айтуынша, қыз өз үйіне, ата-анасына қайта оралды.

Еске салсақ, Павлодар облысы Ленин кентіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздестіріліп жүрген 40 жастағы ер адам табылғаны туралы жазған едік.

Оған қоса, Алматы облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды үйіне қайтарды. Бейнекамераларды тексеру барысында тәртіп сақшылары қызды жас жігітпен көрген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875465-osydan-togyz-zyl-bryn-magystauda-zogalyp-ketken-kyz-almatydan-tabyldy.html