RU

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімнен қуылған әйелге қатысты пікір білдірді (видео)

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігінің Facebook парақшасы

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қызметінен қуылған әйелдің төңірегінде болған дауға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қорғаныс министрлігінің ресми түсініктемесін "Астана" телеарнасы жария еткен. Онда Қазақстан тұрғыны Эльмира Ералықызы Жамбыл облысы әскери бөлімінің басшылығын сотқа бергені сөз етіледі.

Әйел өзінің қызметтен қуылуын заңсыз деп санап, бөлім басшысы оны қудалаумен болғанына шағымданды.

Эльмираның сөзіне сенсек, жұмыс орнын оған өз қаражатына жабдықтауға тура келген. Сол арада министрлік әйелдің бірнеше рет басқарушы құжаттардың талаптары мен әскери тәртіпті бұзғанын алға тартуда. Сол үшін Эльмира тәртіптік жазаға да тартылған екен.

Эльмира
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Аттестациялық комиссия психолог болып жұмыс істейтін әйелдің қызметіне сәйкестігін тексеруі керек болған екен. Алайда Эльмира комиссияның бекітілген отырысына үш рет келмей қойған болып шықты.

"Аттестациялық комиссия отырысына үш рет дәлелді себепсіз қатыспады. Өзін ақтайтын құжаттарды да бермеді", - дейді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Сол арада жұмыстан қуылған қызметкердің адвокаты оңай берілмейтіндерін алға тартты. Олар заңсыз жұмыстан қуудың барлық дәлелдері қолдарында барын айтуда. Олар Жоғары сотқа шағым түсіріпті.

Еске салсақ, бұған дейін Қаскелең тұрғындары үйлеріне жылу беру мәселесі бойынша кездесуге келген шенеуніктің мінез-құлқына наразы болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ақтөбеде қауіпті аймақта жүріп, індет жұқтырған дәрігер уәде етілген екі миллионын күтіп жүргенін жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875482-korganys-ministrligi-skeri-blimnen-jeldi-kuu-tiregindegi-dauga-tsinikteme-berdi-video.html