Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соққан санитарларға үкім шықты

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда мүгедектерге арналған интернат тәрбиеленушілерін ұрып-соққан қызметкерлерге қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл атышулы іс өткен жылдың наурыз айында басталған. Сол кезде тексеріс жүргізген облытық прокуратура мүгедек балаларға қатысты физикалық күш қолданған деректерді анықтаған.

Қызметкерлерге интернатта орнатылған бейнебақылау камералары да кедергі болмаған.

Кейінірек полицияның аталмыш іске қатысты қылмыстық тексеруді тоқтатқаны хабарлнады. Алайда сол кездегі сенат спикері Дариға Назарбаева аталмыш мәселені көтерген соң тергеу қайтадан басталды.

Іс бойынша тергеу осы жылдың сәуір айында аяқталды.

Интернаттың екі қызметкеріне қатысты сот отырысы таяда ғана өтті. Сот процесінің қорытындысы жайлы "Ақ Жайық" басылымы жазды.

8 адам іске күдікті ретінде тіркелген. Алайда айыпталушылар қатарында екі палата санитары ғана болған.

Оларға "Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату" бабы бойынша айып тағылған. Айыпталушылар өз кінәларны мойындады.

Нәтижесінде екі әйелге де 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сондай-ақ оларға 2 жыл көлемінде балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Еске сала кетсек, Павлодарда сырқат балаларды қорлағандар да сотталып кеткенін хабарлаған едік.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында бала күтуші болып жұмыс істеген әйел ұры болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875484-atyrauda-mgedek-balalardy-ryp-sokkan-sanitarlarga-kim-sykty/

pixel