RU

Шымкентте өкпені жасанды желдететін аппаратты 20 млн теңгеге сатып алғандар жазаланбақ

Аппарат
Көрнекі фото: CentralAsia

Шымкентте жасанды тыныс алу аппараттарын 20 млн теңгеден сатып алуға жол бергендер жазалануы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері Шымкентте болған бұл жайт туралы ақпаратты жария етті.

Құзырлы мекеменің мәліметіне сәйкес, маусым айында мемлекеттік тапсырыс арқылы шамамен 257 млн теңгеге 12 өкпені жасанды желдету аппараты алынған. Ресейлік өнімнің әрбір данасы 21 миллион 400 мың теңгеге түсіпті.

"Атап айтқанда жалпы соммасы 40 млн теңгеге артық қаражат жұмсалған. Атап өту керек, бұл аппараттар «Авента -М» аппараттары Ресей Федерациясына алдында шектеу қойылған. Кейіннен біздің Қазақстанда да шектеу қойылды. Бүгінгі таңда бұл факт бойынша денсаулық сақтау басқармасының тұлғаларына қатысты тиісті процессуалдық шара қолданылатын болады", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев.

Ал жасанды тыныс алдыру аппараттарының құнына қатысты денсаулық сақтау басқармасы ақпарат беруге үзілді-кесілді қарсы.

Еске салсақ, бұған дейін маңғыстаулық оқушы атасын құтқару үшін жасанды желдету аппаратын жасап шығарған еді. Сегізінші сынып оқушысының қодан жасап шыққан аппараты кәдеге жарап, атасының өмірін сәл де болсын жеңілдетуге септігін тигізген екен.

Содан кейін министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтқан болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875490-symkentte-kpeni-zasandy-zeldetetin-apparatty-20-million-tegege-satyp-algandar-zazalanbak.html