RU

Депутаттыққа үміткерлер мен тұрғындар арасында жаппай төбелес болды

ФОто
Фото: КТК/Видеодан кадр

Қырғызстанның Ош облысында парламент депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат шарасы жаппай төбелеске ұласты. Араван ауданына келген "Мекенім Қырғызстан" партиясының өкілдері мен жергілікті халық қырық-пышақ болып қырқысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 100 шақты адам қатысқан жаппай төбелестен 12 адам жарақат алып, көліктер бүлінген.

Жергілікті құзырлы орындар кикілжіңді бастаған "Мекенім Қырғыстан" партиясының кандидаты деп отыр.

Ильхом Маманов саяси қарсыласы "Бірімдік" партиясының атынан сынға түсіп жатқан Шүкіролла Файзуллаевқа қатысты жағымсыз пікір айтыпты. Оның бұл сөзі елді мекенді 14 жыл  бойы басқарған әкімнің туыстары мен таныстарының қитығына тиген көрінеді.

Сол себепті ашуға булыққан халық аңдамай сөйлеген кандидаттың жақтастарын қуалап жүріп сабаған.

Осы жағдайдан кейін 10 адам ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

Ал аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін ішкі істер бөлімінің бастығы жұмысынан қуылып, бірқатар полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Айта кетейік, Қырғызстандағы Жоғарғы Кенеш сайлауы 4-қазан күні өткізіледі.

Еске сала кетсек, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеудегі диаспора басшысы Райымқұл Аттакуровтың елдің Ресей Федерациясына кіру мүмкіндігін қарастырып жатыр деген мәлімдемесіне түсініктеме берген еді.

Айта кетсек, Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын қашан ашатыны туралы жазған едік.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе байланысы қайта жанданады. Алғашқы рейс жексенбі, 20 қыркүйек ұшады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875492-deputattykka-mitkerler-men-trgyndar-arasynda-zappaj-tbeles-boldy.html