Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

Опубликовано:

Аурухана 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы Жылыой ауданында инфекциялық орталықтан коронавирус індетін жұқтырған екі науқас емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, соңғы кезде ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, ауру жұқтырғандар тіркелмеген.

Пандемия басталғалы ауданда коронавирус дертіне 1078 адам шалдыққан. Індет кең тараған кезде облыс орталығындағыдай қажетті дәрі-дәрмектің, қарапайым масканың жетіспеуі секілді мәселелер болған.

Тіпті жедел жәрдем шақыртулары да әдеттегіден күрт көбейген. 40 орындық инфекциялық аурухана, 60 орындық провизорлық орталық тұрақты түрде жұмыс жасаған.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрбек Үкібаевтың айтуынша, бірінші толқыннан өттік, бірақ бейғам қалуға болмайды.

"Бүгінде емдеу мекемелері қорғаныш киімдерімен қамтылып, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптасып отыр. Көпшілікке айтарым, санитариялық талаптарды сақтай отырып, бетпердемен жүріп, көпшілік жерге бармағандары жөн. "Сақтансаң сақтармын" дегенді ұмытпау керек", - дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 67 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты. Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875502-klsaryda-koronavirus-zktyrgan-sogy-naukas-zazylyp-sykty/

pixel