RU

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Tumba.kz/ Эмир Сарин

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияға қатысты соңғы деректерді жариялады. Өткен тәулікте бұл дерттерден 5 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31168, 345 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26739 жетті", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің ресми telegram парақшасында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 67 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемияның 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875506-tken-tulikte-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kansa-adam-kajtys-boldy.html