RU

Алматыдағы құрылыс алаңында аяғынан айырылған нигериялық протезге қаражат іздеуде

Нигериялық
Фото: Видеодан кадр/ NewTimes.kz

Алматыдағы құрылыс алаңында 18 жастағы Нигерия азаматын бетон плитасы басып қалды. Салдарынан ол аяғынан айырылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Эммануэль Оджебобо футболшы мансабын құру үшін Алматыға келген. Айтуынша, ол қазақстандық клубтарда ойнауды жоспарлаған. Алайда нигериялық футбол ойнаудың орнына бөтен елде өмір сүру үшін құрылыс алаңына жұмысқа баруға мәжбүр болыпты.

5 қыркүйек күні нысандардың бірінде төтенше жағдай орын алған. Нигериялық азамат екінші қабаттан құлап, бетон плита оны басып тастаған.

Жігіт жедел түрде ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оның аяғын аман алып қала алмады. Жаны жайсаң алматылықтар нигериялыққа емнің ақысын өтеуге көмектесіпті. Кейбір шығындарды жұмыс берушісі көтерген екен. Енді Эммануэлге ұзақ оңалтудан өту қажет, содан кейін протез сатып алу керек, ал оның құны шамамен 20 мың долларды құрайды.

"Сол күні біз әдеттегідей жұмыс істедік, күн өте ыстық болды. Мен су әкелгім келді. Бірақ бригадир енді төбелік тақтайшаны орнатудың керек екенін және бұл жұмысты аяқтағаннан кейін ғана су ішіп, демалуға болатынын айтты. Мен нұсқаулыққа қайшы келгім келмеді, плитаны алуға бардым, бірақ құрылыс шыдамай құлап түсті", - деді Эммануэль.

Эммануэльдің туыстары болған жайттан бейхабар. Ауруханадан шыққаннан кейін уақытша тұрғын үйдің ақысын жұмыс беруші төлеген, бірақ біраз уақыттан кейін нигериялық азамат далада қалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс орнында өз әріптесін өлтірген алматылық тоғыз жылға сотталған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды қаласының өрт сөндірушілері қаланың орталығындағы өртеніп жатқан пәтерден ер адамның мәйітін тапқанын жазғанбыз. Олар 3 адамды құтқарып, үйдің 9 тұрғынын эвакуациялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875513-almatydagy-krylys-alaynda-aagynan-ajyrylgan-nigerialyk-protezge-karazat-izdeude.html