Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Алтынай Жолдыбаева шаш үлгісін өзгертіп тастады (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева жаңа шаш үлгісімен
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева желіні тағы да шулатты. Бұл жолы әнші ару жұртшылықты ашық образдарымен емес, жаңа шаш үлгісімен таңғалдырған. Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі шашын басқа түске бояп, адам танымастай өзгеріп кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева ел алдына сан түрлі образдарда шыққанымен, шаш үлгісіне аса қатты өзгеріс жасап көрмеген. Алайда, өнер иесі осы жолы бұл қадамға бел буып, ақыр-соңы шашын сары түске бояп тынды.

Әншілік пен актерлік мансабын қатар алып жүрген бикеш ұнемі қара түсті болған шашын бояп қана қоймай, оны жасанды жолмен өсіріп алған.

Бұған дейін иығынан сәл түсіп тұратын шашы бүгінгі күні беліне дейін жететін болған.

Желі қолданушылары Алтынай Жолдыбаеваның стилі мен образындағы өзгерісіне қатысты түрлі ой айтып, қызу пікірталас тудырды. Бірі сары түсті шаш оған аса қатты жарасатынын жазса, енді бірі оған қара шашын қайтаруға кеңес беруде.

"Ақыры бояп тастадыңыз ба? Қара түсті шаш сізге көбірек жарасады, меніңше" , "Түк жарасып тұрған жоқ. Өз түсіңіз одан әлдеқайда жақсы еді" , "Қалайша? Неге қара шаштан бас тартыңыз? Бұл үлкен қателік" , "Сәтсіз шыққан сары түс болды", "Менің ойымша, өзіне жақсы жарасып тұр" , "Өзгеріс бұрыннан бері керек еді. Сары түс сізді күшті ашады екен", "Мына түсіңізге ғашық болдым" , "Өте жарасып тұр. Сәзге кез келген нәрсе жараса беретін секілді" , "Шашыңыздың түсі аса ерекше екен, маған ұнап тұр" , "Әрдайым өзгеруден қоырқпайсыз, жарайсыз", - деп жазуда желі қолданушылары Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875515-atysuly-altynaj-zoldybaeva-sas-lgisin-zgertip-tastady-foto/

pixel