RU

Солтүстік Қазақстанда тасжолда көмір таситын көлік аударылып қалды

ҚамАЗ
Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында көмір салынған тіркеме аударылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Дүйсенбі, 21 қыркүйекте КамАЗ автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Петропавлдан Есіл ауданына бет алды. Алдындағы бағдаршамға тоқтаған автокөлікпен соқтығыспаудың амалын жасап, тежегішті басқан ол көмір салынған тіркемені аударып алып, жолдың металл қоршауына зақым келтірді", - деп хабарлады полиция.

Апат орнына барған әкімшілік полиция инспекторы апат фактісі бойынша материал жинап, жедел түрде апат салдарын жою бойынша шаралар қабылдады.

"Қазақавтожол" ЖШС қызметкерлері бірнеше сағат ішінде бұзылған қоршауларды қалпына келтірді.

Келтірілген зиян мөлшері анықталғаннан кейін ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберіледі. 610-бап (Жол қозғалысы ережелерін бұзу адамның денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіру) айыппұл салуды немесе алты айға дейін жүргізуші құқығынан айыруды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда полицейден қашқан әкесі мен қызының көлігі аударылып қалған еді.

Lexus маркалық көлік полицейлердің тоқтау талабына қарамастан, санитарлық бекетті қиып өткен. Тәртіп сақшылары дереу бұзақының соңына түседі. Нәтижесінде полицейлерден жасырынбақ болған жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік аударылды.

Сондай-ақ, Павлодар-Қызылорда тас жолында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, анасы мен баласы көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875520-soltstik-kazakstanda-taszolda-kmir-tasityn-klik-audarylyp-kaldy.html