RU

Трактор басып кеткен бес жасар қыздың беті бері қарады

Ауруханадағы бала
Көрнекі фото: super.ua

Нұр-Сұлтан маңындағы орналасқан ауылда трактордың астына түсіп, ауруханаға жеткізілген баланың беті бері қарады деп жазады KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға қыркүйек айының басында болған. Трактор жүргізушісі абайсызда екі баланы басып кеткен. Оқиға орнында алған жарақатынан 8 жастағы ұл тіл тартпай кеткен.

Ал 5 жасар қыз бала дене жарақатымен Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілген.

Медициналық мемекемен қыздың жағдайы аса ауыр болып түскен. Бүлдіршінде травматологиялық есеңгіреудің үшінші дәрежесі болған. Науқастың өмірі үшін хирургтар, нейрохирургтар, травматолог және реаниматолгтар күрескен.

"Баланы жейдемен туылды десе де болады. Жамбасы мен несеп жолдарына ауыр зақым келгендіктен біз мұндай жағдайды үлкен жолы болу деп есепдейміз. Қазір қыздың жағдайы тұрақты. Барлық процедура аяқталған соң оны үйіне жібереміз", - деді аурухананың хирургиялық бөлімінің жетекшісі Ринат Байгиреев.

Пациент 10 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде болған. Қазір ол өзін жақсы сезінеді, сондай-ақ ата-анасымен видео қоңырау арқылы сөйлесіп жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған еді. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды.

Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда көшеге жүгіріп шыққан жеткіншекті автобус қағып кеткен еді.

Зардап шеккен жасөспірім көптеген дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875525-traktor-basyp-ketken-bes-zasar-kyzdy-beti-beri-karady.html