Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты жұқтыру қаупін азайтатын жеміс түрі анықталды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапония ғалымдары коронавирус дертін жұқтырудың қаупін он мың есе азайтуға мүмкіндік беретін жеміс түрін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы radiokp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның Нара медициналық университетінде жұмыс істейтін мамандар коронавируспен ауыратын науқастың қасында болғанның өзінде дертті жұқтыру қаупін он мың есе азайтатын жеміс түрін анықтағанын мәлімдеді.

Тосихиро Ито мен Яно Хисакадзу есімді иммунолог-профессорлар ол үшін арнайы тәжірибе жүргізген екен. Тәжірибе барысында мамандар құрманың құрамындағы заттарды адам сілекейіне коронавирус жасушаларымен бірге енгізеді.

Құрма
Көрнекі фото: radiokp.ru

Нәтижесінде небәрі 10 минуттың ішінде індеттің жұққыштығы 10 мың есеге азайған. Сарапшылар бұған құрма құрамындағы таниннің әсер еткенін айтуда деп жазады Mainichi Shimbun.

Енді ғалымдарға аталмыш жеміс құрамындағы заттардың зертханадан тыс жағдайда коронавируспен күресу үшін қаншалықты пайдалы болатынын анықтау қалып отыр.

Олар құрманың құрамы негізінде COVID-19 дертін емдейтін дәрі-дәрмек ойлап шығармақ.

Еске салсақ, бұған дейін америкалық ғалымдар адам ағзасындағы артық майлардан құтылып, қан қысымын төмендетуге көмектесетін өнім түрін анықтаған болатын.

Одан бөлек, ресейлік иммунолог күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер ішу керектігін айтқан еді.

Сонымен қатар мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875537-koronavirusty-zktyru-kaupin-azajtatyn-zemis-tri-anyktaldy/

pixel