RU

Болашақ офицерлер енді сауытты машинада су кедергілеріне шабуыл жасайтын болады

Қорғаныс министрлігі
Фото: азақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курс курсанттары іс жүзінде жауынгерлік машиналарды жүзуде жүргізу бойынша оқу жаттығуларды пысықтайды.

Оқытушылардың басшылығымен болашақ офицерлер жағалаудың әртүрлі тіктігі кезінде суға кіру және шығу, құрлықта қозғалысқа өту, сондай-ақ шектеулі өту жолдарында маневр жасау бойынша жаттығуларды орындайды.

«Біздің курсанттар қойылған тапсырмаларды өте жақсы орындауда. Құрлықтағы бірнеше сағаттық жаттығулар оларға іс жүзінде жаттығуларды керемет орындауға мүмкіндік берді. Жауынгерлік машиналарды меңгеруді болашақ офицерлер үйренуде»,-деп түсіндірді институттың оқу-әдістемелік басқармасы оқу бөлімінің бастығы полковник Жәнібек Сарғазин.
Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Сабақ жетекшісінің командасы бойынша сауытты машина өткелге барынша мүмкін жылдамдықпен келеді. Жолда техника суға түсіп, жүзуге көшеді. Белгіленген уақытта маневр жасау және қарама-қарсы жағалауға шығу жүзеге асырылады. Айта кету керек, бұл практикалық тапсырманы орындау курсанттар теориялық курсты толық меңгергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

Қазіргі таңда институттың үшінші курс студенттері Алматы және Қапшағай гарнизондарының әскери бөлімдерінде тағылымдамадан өтуде. Олар жеке құраммен жұмыс істеуде қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды, жөндеуді, жинақтауды ұйымдастыруда өздерінің командирлік дағдыларын жетілдіреді.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
«Әскери тағылымдама кезінде курсанттар взвод командирінің міндетін атқарады. Олар тактика, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша сеніп тапсырылған жеке құраммен сабақ өткізуден тұрады. Болашақ офицерлер взвод құжаттамасын жүргізу негіздерін игеріп, техниканы қысқы кезеңге дайындауға қатысады», - деді институт бастығының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Айбек Ақшин.

Әскери жоғары оқу орындарындағы оқу процесі болашақ офицерлерді дайындауда теориялық және практикалық дағдыларды тепе-тең болатындай етіп ұйымдастырылған. Бұл курсанттарға оқу барысында әскерлердегі болашақ қызмет туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875551-bolasak-oficerler-endi-sauytty-masinada-su-kedergilerine-sabuyl-zasajtyn-bolady.html