RU

Еуропада COVID-19 өршуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Еуропалық елдер коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты карантиндік шараларды күшейтуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Германия, Испания, Ұлыбритания, Швейцария және Дания карантиндік шараларды күшейтті.

Bloomberg мәліметінше, вирус жұқтыру жағдайларының күрт өсуі Францияда, Германияда және Португалияда байқалған.

Францияда бір ай ішінде вирус жұқтырғандар санының тұрақты өсмі байқалады. Аурулардың ең көп өсімі Ницца мен Лионда көрінген. Марсельде карантин күшейтілді, бірақ жақын арада барлар жабылып, үлкен топтарға жиналуға тыйым салынуы мүмкін.

Германияда елге келгендер үшін карантиндік шаралар күшейтіліп жатыр. Атап айтқанда, бұл Бенилюкс елдері: Бельгия, Нидерланды және Люксембургтен келгендерге қатысты деп жазады Luxtimes.

Express.co.uk сайтының хабарлауынша, өткен сенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон тәртіп бұзушыларға қатаң айыппұл салуды қарастыратын қатаң жаңа ережелер туралы жариялады. 28 қыркүйектен бастап карантин ережелерін бұзған кез келген адам 1000 фунт стерлинг (540 мың теңге) айыппұл төлеу қаупін туғызады, ал қайталанған тәртіп бұзушыға 10 000 фунт стерлингке (5,5 млн. теңге) дейін айыппұл салынады.

Испаниядағы АҚШ елшілігінің сайтының хабарлауынша, Испания да 21 қыркүйектен бастап күшейтілген шаралар қолданды. Мадрид аймағы COVID-19 инфекциясының деңгейіне негізделген жаңа шектеулер енгізді. Елде алты адамнан көп жиналуға тыйым салынды.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, айта кетейік, Құлсарыда коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875558-europada-covid-19-rsuine-bajlanysty-karantindik-saralar-ksejtildi.html