RU

"Украинаға жәрдемдесем": Марғұлан Сейсембай Зеленскиймен бірге жұмыс істейтін болды

Марғұлан Сейсембай мен Зеленский
Фото: Instagram/margulan_seissembai

Танымал қазақстандық меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай енді Украина президенті Владимир Зеленскийдің қасында жұмыс істейтін болды. Оның заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары мемлекет басшысының көңілінен бірден шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зеленскиймен бірге жұмысты бастағалы жатқанын Марғұлан Сейсембайдың өзі Instagram парақшасында хабарлады. Отандық кәсіпкер алдағы уақытта Қазақстанға оралмайды.

Ол уақытша Украинаға қоныс аударып, сол елдің реформаларды ендіру саласына өз үлесін қоспақ. Украина президенті меценаттың ұсыныстарын қолдап, оған тез арада жұмысқа кірісуді тапсырған.

"Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру және заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бәрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы "кешеден" бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім.
Сол себепті, алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ қалып қоятынымды сезіп тұрмын. Жұмыс көп, қызық әрі бәраз тер төгуді қаже етеді. Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты жаны ашиды. Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап тұрамын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек", - деп жазды Марғұлан Сейсембай.

Оған қоса, белгілі отандық кәсіпкер оқырмандарына жұмысын саясиландырмауын сұрады. Ол бар болғаны Украинаға жәрдемдесіп, сүйікті ісімен айналысып жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875560-ukrainaga-zrdemdesem-marglan-sejsembaj-zelenskijmen-birge-zmys-istejtin-boldy.html