Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда адамды азаптап өлтірген полиция қызметкерлері түрмеге қамалды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: almaty.tv

Бүгін, 21 қыркүйек күні Қашқадария облыстық қылмыстық соты ұсталған азаматтың өліміне қатысы бар ішкі істер органдарының бес қызметкеріне үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasia.media басылымына сілтеме жасап.

Сотталушылар заңсыз ұстау, азаптау, қылмыс туралы хабарламау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қызметтік жалғандық үшін кінәлі деп танылды. Чиракчи ауданының ІІД No4 ішкі істер бөлімінің басшысы Н.Овлаев 9 жылға бас бостандығынан және 2 жыл мерзімге ішкі істер органдарында белгілі бір лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Ал оның қарамағындағылардың қалған бөлігі (4 адам) 8 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарда қызмет ету құқығынан 2 жыл мерзімге айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның Самарқанд қаласында ер адам әйелін әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, өртеп жібермек болған.

Ал бұндай әрекетке бару себебін әйелінің сұлу әрі тартымды келбетімен байланыстырған.

Ер адамның сөзінше, қазір оған ешкім қарамайды.

Айта кетейік, сондай-ақ, Павлодарда полицей жүргізушіні қорқытып, 50 мың теңге талап еткен.

Оқиға мамыр айында болған. Ол кезде елде төтенше жағдай режимі сақталып тұрғанын айта кету керек.

Бұрынғы полиция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр.

28 жастағы тәртіп сақшысы 5 мамыр күні Павлодарское ауылында болған. Ол автокөлікті тоқтатып, жүргізушіге себепсіз жолда жүргені үшін шағым айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875572-zbekstanda-adamdy-azaptap-ltirgen-policia-kyzmetkerleri-trmege-kamaldy/

pixel