Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз жеңісін өзге спортшыға бере салған жас жігіт жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Триатлоншы
Фото: james_teagle

Испаниялық триатлоншы өз жеңісін өзге спортшыға бере салып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританиялық спортшыға Испания азаматы Диего Ментрида (Diego Méntrida) өз жеңісін жайдан-жай бере салмаған. Ол мұндай қадамға қарсыласы жеңіске лайық деп санағасын барады. Себебі, финишқа сәл ғана қалғанда Ұлыбритания азаматы Джеймс Тигл (James Teagle) бұрылыстан жаңылысып, қате жіберіп қойған.

Мұны байқаған триатлоншы Диего Джеймстың артынан финишке ұмтылудың орнына қарсыласының қайта өз орнына келуін тосуды жөн санайды. Нәтижесінде қола медальды өзгеге бере салған спортшы көпшілікті өзінің әділетті қадамымен тәнті еткен.

Аталмыш жарыс Испанияның Барселона қаласында өткен. Santander Triathlon 2020 жарысы осылайша күтпеген жағдаймен аяқталды.

"Ол жеңіске лайық. Ата-анам, клубым мені бала кезімнен осылай тәрбиеледі. Бұл қалыпты жағдай", - деп өз әрекетін түсіндірді Диего.

El Mundo атты испаниялық басылымның мәліметіне сәйкес, жарыс ұйымдастырушылары екі спортшыға да үшінші орынды беруге ұйғарып, екеуіне де 300 еуро көлемінде ақшалай сыйлық ұсынған.

Еске салсақ, бұған дейін біз "Астана" 6 жылдың ішінде алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңіне өте алмағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елордалық "Барыс" хоккей клубының 12 мүшесінен коронавирус анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875582-z-zeisin-zge-sportsyga-bere-salgan-zas-zigit-zrtty-zregin-elziretti/

pixel