RU

Ақтөбедегі оқушы қыздардың төбелесі: Қылмыстық іс қозғалды

оқушы қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында мектепте оқитын қыздар төбелесіп, олардың видеосы желіде тарап кетті. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының бірі 8-сынып оқушысын ұрып-соққан. Сондағы қатарластары төбелесті видеоға түсірген.

"Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі, яғни, бұзақылық дерегі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл фактіні Темір аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары анықтады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапқа тарту жайы қаралып жатыр.

"Ата-аналарды балаларын, әсіресе жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Олар жасаған құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылатынын білуі тиіс", - деді ведомство.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме жүргізген.

Еске сала кетсек, бұған дейін хиджаб киген мектеп оқушысының қатарласын ұрып жатқанын жазған едік. Маңындағылар видеоға түсіріп, ол желіде лезде тарап кетті.

Айта кетейік, осыған дейін Сириядан оралған келіншектің жантүршігерлік оқиғасын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875590-aktbedegi-okusy-kyzdardy-tbelesi-kylmystyk-is-kozgaldy.html