Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны үш адамға пышақпен шабуыл жасады

Опубликовано:

Пышақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордада полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында үш құрбанға пышақ салған 30 жастағы астананың тұрғынын ізін суытпай ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам танысының үйіне қонаққа барып, олар бірігіп алкогольдік ішімдік ішкен. Кенет күдіктіге танысының кішкентай баламен қалай сөйлескені ұнамапты. Баланы тәрбиелеу жолдары тақырыбында сөзге келіп қалған соң, ер адам үстел үстіндегі ас үй пышағын алып, танысының ішіне үш рет пышақ салған.

Пәтерден қашып шыққан ол саты алаңында көршісіне тап болып, қылмыс орнынан тез қашып кеткісі келіп, көршісінің ішіне де пышақ сұғып алады, содан кейін суық қаруды оңды-солды сілтеген күдікті айқай-шуды құлағы шалып, сыртқа шыққан көршісінің әйелінің қолын жаралаған.

Қылмыс болған жерге келген полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктінің қашып кетуіне жол берген жоқ. Ер адамды 15 минут ішінде қолға түсірді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық кодекстің 103-бабы бойынша сотталғандығы анықталды.

Үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 25 жастағы жігіт полициямен пайда болған кикілжіңді пышақтың көмегімен шешпек болыпты. Сөйтіп, күдікті тәртіп сақшыларының бірінің білегіне пышақ сұғып алған.

Оған қоса, Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875593-nr-sltan-trgyny-s-adamga-pysakpen-sabuyl-zasady/

pixel