Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіпбаева құрбысын сабап тастаған хиджабтағы қызға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева сыныптасын соққыға жыққан хиджабтағы қызға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі дін жолындағы жеткіншектің әрекетін сынға алып, оның кешірімді шын көңілмен сұрап тұрғанына күмәні бар екенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева елімізде болып жатқан түрлі даулы оқиғаларға қатысты ойын Instagram желісінде ашық түрде ортаға салып отырады. Эстрада жұлдызы Ақтөбеде орын алған жаға ұстарлық жағдайды да айналып өте алмаған.

Ол сыныптасын сабап тастаған хиджабтағы қыздың оқиғасына қатысты жазба жариялап, онда жасөспірімнің қылығын сынады.

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы бұл жағдайда соққыға жыққандар ғана емес, оларды ажыратуға талпынбай, төбелесін видеоға түсіргендер де жазалануы керек екенін алға тартты.

"Ертең қалай, қандай ана болмақ? Қалай ұрпақ өсіріп, тәрбиелемек?! Ұрып- соғып алып, іс насырға шапқан соң, шу шыққан соң, ата-аналарына штраф салғызатын болған соң ғана, кешірім сұрап , қорқып жылап тұр. Осы қатыгездікті міз бақпай, видеоға түсіргендер де- жазасын алуға тиісті! Кешірім сұрауға келгенде, анау ұрған қыз, орамал тағып, хиджаб киіп алыпты?! Шын мәнінде қателіктерін түсініп, енді олай жасамайтындарына сенімім аз. Қалай ойлайсыздар" , - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздың сыныптасын көшеде сабап жатқан сәтінен видео тарап кеткен болатын. Оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектептің тоғызыншы сынып оқушылары арасында орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875596-tsipbaeva-krbysyn-sabap-tastagan-hidzabtagy-kyzga-katysty-ojyn-ajtty/

pixel