Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голливуд жұлдызы Сильвестр Сталлоненің анасы өмірден озды

Опубликовано:

Сталлоне анасымен
Фото: fullpicture.ru

Голливудтың танымал актері әрі режиссері Сильвестр Сталлоненің анасы Жаклин 98 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Жаклин Сталлоне белгілі астролог, биші, сондай-ақ әйелдер рестлингінің промоутері болған. Сондай-ақ, оның көптеген пластикалық операциялар жасатқаны белгілі.

Голливуд жұлдызының анасы 1921 жылы Вашингтонда туған. Оның арғы аталары 1888 жылы Одессадан (Ресей империясы) АҚШ-қа қоныс аударған.

Жаклин үш баланы тәрбиелеп өсірді: Сильвестр Сталлоне, музыкант әрі әнші Фрэнк Сталлоне және актриса Тони Д’Альто. Оның басқа күйеуінен туған қызы Тони Д’Альто ұзақ жылдар бойы өкпенің қатерлі ісігімен күресіп, 2012 жылы көз жұмған.

Еске сала кетейік, бұған дейін әйгілі "Тақтар таласы" телехикаясында рөлдердің бірін сомдаған актриса Дайана Риггтің қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Ұлыбританиялық актриса Дайана Ригг "Кек алушылар" (Мстители) және "Тақтар таласы" телехикаяларында рөлдерді сомдаған. Одан бөлек, Джеймс Бонд фильмдерінің біріне түскен актриса 82 жасында дүниеден озды.

Сондай-ақ бұған дейін әйгілі актриса Пэрис Хилтонның миллиардер атасы, Hilton қонақ үйлер желісінің иесі Баррон Хилтонның 91 жасында өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Баррон қонақ үйлер желісінің негізін қалаушы – Конрад Хилтонның ұлы. 30 жыл бойы ол Hilton Hotels Corporation-ның бас директоры қызметін атқарды. Қонақ үйлер санын арттырып, миллиардер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875598-gollivud-zldyzy-silvestr-stalloneni-anasy-mirden-ozdy/

pixel