RU

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото
Фото: Ақ жайық

10 қыркүйек сағат 15:10-да Нұрлан Таубаевпен болған оқиға сипатталған хатты оның қорғаушысы Игорь Вранчев жария етті. Шенеунік хатында әртүрлі қаңқу сөздерге сенбеуге шақырды. Таубаев расымен де ұсталған, алайда прокурор санкция салмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Таубаев 2020 жылдың 10 қыркүйегінде оның үйіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері келгенін айтты. Алайда олар шенеунікті не үшін қамауға алатындарын түсіндірмеген.

"Мен және менің адвокатым қызметкерлерге мені не нәрсеге айыптап жатқанын түсіндіруін сұрадық. бірақ ешнәрсе түсіндірілмеді. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде біздің көзімізше үш тергеуші ауысты, олар болып жатқан жағдайға наразы болып, бізге ештеңе түсіндіре алмады.
Осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғарғы басшылығы маған "бәрін өзіңіз айтып беріңіз" деген талаппен екі рет жүгінді", - деп жазған Таубаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің түсіндіруін күтпестен, сол күні кешкі 20:30-да азамат Таубаевты қалалық ішкі істер департаментіндегі уақытша ұстау изоляторына жеткізген.

"Келесі күні, түстен кейін мені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимаратына әкеліп, онда олар тергеушінің "пара алуға тырысу түріндегі қылмысты жасау туралы" қаулысын ұсынды. Тергеуші менің адвокатымның параның қашан және қандай мөлшерде алынғандығы туралы сұрағына жауап бермей, мені қайтадан уақытша ұстау изоляторына жіберді", - деді шенеунік.

Сондай-ақ, Нұрлан Таубаев басына түскен істің артында кімнің тұрғанын жақсы білетінін айтты.

"Мен бұл сұмдық арандатушылықтың артында кім тұрғанын білемін және біріншіден, менің кінәсіз екенімді дәлелдеу үшін бәрін жасаймын, екіншіден, мен оны ұйымдастырған адамдар әділ жазасын алу үшін бәрін жасаймын, президентке дейін барамын", - деп түйіндеді Нұрлан Таубаев.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.

Кейінірек, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Іс "Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша айыппұл немесе 15 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875611-atyrau-oblysy-kimini-birinsi-orynbasary-zini-staluyna-katysty-pikir-bildirdi.html