Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" клубының қожайыны Абрамович қандай күдікке ілінді

Опубликовано:

Роман Абрамович 1
Фото: Getty Images

Ресейлік бизнесмен, "Челси" футбол клубының қожайыны Роман Абрамович басқа команданың футболшыларына заңсыз құқықтар сатып алу бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қаржылық қылмыстармен күрес бойынша америкалық FinCEN агенттігінің ақпарынша, кәсіпкер басқа командада өнер көрсететін футболшыларға құпия түрде инвестиция құйған. Мәселе Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль" футбол клубында доп тебетін перуандық шабуылшы Андре Каррильо жайында болып отыр. Бұған дейін ол "Спортинг", "Бенфика" және "Уотфорд" командаларының намысын қорғаған.

Агенттіктің мәліметінше, Абрамович британдық Виргин аралдарында тіркелген компания арқылы аталған перуандық шабуылшыға, сондай-ақ басқа да бірқатар футболшыларға қатысты құқықтарды иелеген.

Ресейлік бизнесменнің өкілі оның ешқандай ережелерді бұзбағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Роман Абрамович 2003 жылдан бері "Челси" футбол клубының қожайны болып табылады. Сол кезден бері лондондық команда бес рет Англия чемпионы, екі рет Еуропа лигасының және бір мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.

Жақында Қазақстандағы ең қымбат футболшының есімі белгілі болғанын хабарлағанбыз.

Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат футболшыларының рейтингі өзгерді. Алматылық "Кайраттың" ойыншысы Яцек Гуральский жаңа тізімнің көшін бастады.

Бұған дейін ең қымбат футболшы болған астаналық Марин Томасов қазір жаңартылған рейтингтің 3-ші сатысында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессидің Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшылар тізімінде көш бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1875613-celsi-klubyny-kozajyny-abramovic-kandaj-kdikke-ilindi/

pixel