Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты

Опубликовано:

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпбейінді медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі Эльмира Әбішева COVID-19 бен тұмаудың айырмашылығы жайлы және олардан қалай сақтануға болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әбішева науқастың коронавирусқа қарағанда тұмаудан тезірек жазылатынын алға тартты. Пациент небәрі бірнеше күннің ішінде сауығып шығуы мүмкін. Ал COVID-19 инфекциясы кезінде адам күн өткен сайын әлсірей береді.

"Тұмауға шалдыққан адамның дене қызуы 38-39 градусқа дейін барады. Өзін әлсіз сезініп, мұрны бітеледі. Ал коронавирус кезінде температура қатты көтерілмейді – 37 градус шамасында. Әлсіздік басымырақ болады. Егер дене қызуы үш күн бойы түспей, әлсіздік ұзаққа созылып, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалса, бұған қоса ентікпе және жөтел пайда болса, бұл коронавирустың белгілері", - деп түсіндірді инфекционист.

Дәрігер адам коронавирус пен тұмауды қатар жұқтыруы мүмкін бе, жоқ па, ол әзірге белгісіз екенін айтты. Тұмау маусымы енді басталғандықтан, мұндай деректер тіркелмеген.

Әбішеваның айтуынша, тұмауға қарсы вакцина салдырған адамдар вирус жұқтырмауы мүмкін. Тіпті, жұқтырған күннің өзінде, ауру жеңілірек өтеді, одан әрі асқынып, пневмонияға айналу қаупі төмен. Сол себепті инфекционист қазақстандықтарға тұмауға қарсы екпе салдыруға кеңес берді.

Сондай-ақ, дәрігер COVID-19 жұқтырып, дертінен құлан-таза айықпаған пациенттерге тұмау маусымы кезінде абай болуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматылық кәсіпкер коронавирус індетінен қалай қорғанғанын айтып берген еді.

Айта кетейік, ресейлік иммунолог күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер ішу керектігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875618-driger-koronavirus-pen-tmaudy-kalaj-azyratuga-bolatynyn-ajtty/

pixel