RU

Қарағандыда ұрлыққа түскен адам ұйықтап жатқан үй иесіне шабуылдаған

ұры
Көрнекі фото: kr.informator.ua

Қарағанды облысында тұрғын үйлердің біріне балкон арқылы кірген ұры ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 қыркүйек күні түнгі сағат 2.00 шамасында Қарағанды обылысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қаладағы үйлердің бірі тоналды деген ақпарат түскен.

28 жастағы жәбірленуші оқиға орынына келген жедел-тергеу тобына өзі ұйықтап жатқанда белгісіз біреудің балкон арқылы үйіне кіріп, оны қорқытып бағалы заттарды беруін талап еткенін айтқан.

Жәбірленуші ешқандай бағалы заты болмағандықтан қолындағы құны 16 мың теңге тұратын ұялы телефонын беріпті. Содан кейін күдікті бірден оқиға орынынан ізін суытқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталды.

Одан жәбірленушіге тиесілі ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өзін ер адам деп таныстырып, адамдардың ұялы телефонын қолды қылған алаяқ ұсталған еді.

Сондай-ақ, айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 45 жастағы қала тұрғынының 15 мың теңгесін қолды қылған 24 жастағы жігіт жайлы жазған едік.

Сонымен қатар, Петропавлда 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875632-karagandyda-rlykka-tsken-adam-jyktap-zatkan-j-iesine-sabuyldagan.html