RU

Белгілі қазақстандық бизнесмен Василий Розиновтың ұлы өмірден озды

Розинов Иван 165165
Иван Розинов. Фото: instagram.com/rozinova_

Елдің ең бай 50 бизнесмені тізіміне кірген қазақстандық кәсіпкер Василий Розиновтың ұлы – Иван Розинов 41 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "ТоболИнфо" агенттігіне сілтеме жасап.

Қаралы хабарды оның әпкесі Ольга Розинова өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтты.

Басылымның мәліметінше, биылғы желтоқсан айында Иван Розинов 41-ге толар еді. Оның неден қайтыс болғаны айтылмаған.

"Ольга Самойловна, шын жүректен көңіл айтамын", "Ванечка, мұндай қайғының орын алғаны өкінішті", "Мейірімді, сезімтал, жаны нәзік адам еді", – деп жазды пікір білдірушілер.

Айта кетейік, маусымның басында Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Василий Розиновтың қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Биылғы 4 маусымда апелляциялық алқада "Иволга-Холдинг" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Василий Розиновтың ісі тыңдалды.

Бастапқыда ірі бизнесменге алаяқтық бойынша айып тағылған. Алайда, кейіннен іс алдау арқылы мүліктік залал келтіру бабына өзгертіліп, кәсіпкер 2,5 жылға сотталған еді. Кейіннен аталған істің бабы қайта ауыстырылды. Енді сотталушы заңсыз несие алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Еске сала кетсек, Василий Розиновқа қатысты сот отырысы былтыр қыркүйек айында басталған еді.

Ол кезде кәсіпкерге ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Кінәсін мойындаған жағдайда, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875638-belgili-kazakstandyk-biznesmen-vasilij-rozinovty-ly-mirden-ozdy.html