Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдалық, ұзату той жасаған алматылықтар ірі көлемде айыппұл арқалады

Опубликовано:

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылған.

Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3 801 хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шағын және орта бизнестің 1 635 субъектісі өз еркімен қызметін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған", – деп хабарлады департамент.

Негізгі тәртіп бұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың болмауы, жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру.

"18 қыркүйекте Жетісу ауданында орналасқан "Данияр" мейрамханасында ұзату той өткізілгені туралы ақпарат келді. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды", – деді департамент өкілдері.

Одан бөлек, 20 қыркүйекте түнде Медеу ауданында жекеменшік үйде құдалық өткізіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жеке тұлғаларға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Әуезов ауданының мониторинг топтарының жұмысы барысында "Мята" кафесінің түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істегені, сондай-ақ, адамдардың топтасып, жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бір апта ішінде карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды.

Оған қоса, Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875651-kdalyk-zatu-toj-zasagan-almatylyktarga-iri-klemde-ajyppl-salyndy/

pixel