Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда егде жастағы әйелді пойыз қағып өлтірді

Опубликовано:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Оралда әйел адамды пойыз қағып кетті. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жедел жәрдем сағат 13.17-де шақырылып, бригада 13.22-де жеткен.

Пойыз қағып кеткен жасы 50 шамасындағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске салсақ, Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы басып кеткен. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, Ақтөбеде теміржол бойында қайғылы жағдай орын алды. Пойыздың фонында селфи жасап, суретке түскен арулардың бірін пойыз қағып, зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Кейін ол ауруханада көз жұмған.

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында орын алған. "Алматы-Ақтөбе" жолаушылар пойызы екі адамды басып кетті. Олар – 33 және 44 жастағы теміржол компаниясының бірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар болып шықты. Салдарынан теміржол қызметкері оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875657-oralda-egde-zastagy-jeldi-pojyz-kagyp-ltirdi/

pixel