RU

Алматыда құны 1 млн теңгелік "сөйлейтін" орындық пайда болды

Орындық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматының Тұңғыш президент саябағында құны бір миллион теңгелік орындық пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Орындықтың ерекшелігі оның "сөйлей алатындығында". Орындық танымал қазақ ақындарының өлеңдерін оқиды.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, интерактивті орындықтың ішіне арнайы аудиожүйе орнатылған, онда ұлы тұлғалардың өлеңдерінен бөлек биографиялары мен әндері жазылған.

Орындық үстіне адам отырған сәтте "сөйлей" бастайды. Аталмыш орындықты Алматы қаласында "Бюджет участия" атты жоба аясында орнатқан екен.

"Бүгінде "Бюджет участия" жобасының аясында тек бір "сөйлейтін" орындық орнатылды. Ол кітап пішінінде жасалып, Тұңғыш президент саябағына қойылған. Бүгінде қала тұрғындарынан көптеген ұсыныстар келіп түсуде. Өзге орындықтарды орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бір "сөйлейтін" орындықтың құны - 1 миллион теңге", - дейді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Gate City ақылды қаласының құрылысы тағы кейінге шегерілгенін жазған болатынбыз. Құрылыстың басталуы 2020 жылдың соңына қалдырылды.

Одан бөлек, Алматыдағы Абай даңғылының құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болғанын жазған едік. Қазіргі уақытта жолдың тек төрттен бір бөлігі ғана пайдалануға берілгені мәдлімделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875668-almatyda-kny-1-mln-tegelik-sjlejtin-oryndyk-pajda-boldy.html