Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда қоныс аударғандарға бөлінген 20 млн теңге ұрланды

Опубликовано:

ақша жымқыру 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысында қоныс аударғандардың қажеттілігіне бөлінуі тиіс бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпарынша, аталған қаражат мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген.

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында кәсіпорын директоры қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жалған мәліметтер ұсынған.

Осылайша, 6,8 млн теңге қаражат ұрланған. Бағдарлама қатысушыларының бұл өңірде тұрмағаны және жұмыс істемегені анықталды.

Осыған ұқсас оқиға Ұлан ауданында да орын алды. Тек бұл жерде жымқырылған қаражат көлемі 13,4 млн теңгені құраған.

Қазіргі уақытта аталған екі факті бойынша "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" және "Алаяқтық" баптарымен тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Конгресс-Холлдың экс-директоры 1,8 миллиард теңге жымқырды деп айыпталғанын хабарлағанбыз.

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Елімановтің айтуынша, Сәкен Әбдірахманов ел астанасында Мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-Холлдың директоры болып тұрған кезінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралып жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін денсаулық сақтау бұрынғы вице-министрінің 500 млн теңге жымқырды деп күдіктелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875671-sygys-kazakstanda-konys-audargandarga-blingen-20-mln-tege-rlandy/

pixel