RU

Үлкен Алматыға заңсыз сорғылар қондырған азаматтарға айыппұл салынды

Өзен1
Үлкен Алматы өзені. Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары бүгінгі брифингте Үлкен Алматы өзеніне электр сорғыларын рұқсатсыз қондырғаны үшін қала тұрғындары қандай жауапкершілікке тартылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер жазда қалалықтардың Үлкен Алматы өзеніне сорғылар орнатқан кейбір жергілікті тұрғындардың әрекеттеріне шағымданғанын еске салды.

"Мұндай фактілердің тіркелген саны қанша және жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?" – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Бұған жауап ретінде Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев иелері Үлкен Алматы өзеніне сорғылар орнатқан төрт жеке тұрғын үйді анықтағанын айтты. Олар суды бақшаны суаруға пайдаланған.

Маман экологиялық инспекция олардың барлығына айыппұл салғанын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің басшысы күн сайын тексеру ретінде бақылау жасайды.

Еске салсақ, Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады.

Айта кеткен жөн, коронавирус пандемиясына байланысты спутниктік қалада Gate City деп аталатын тұрғын үй құрылысы кейінге қалдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875675-lken-almatyga-zasyz-sorgylar-kondyrgan-azamattarga-ajyppl-salyndy.html