RU

Коронавирус: Ұлыбританияда 6 айға созылуы мүмкін жаңа шектеулер енгізіледі

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа байланысты жаңа шектеу шараларын жариялай отырып, Ұлыбританияның «жаңа қауіпті кезеңге» жеткенін айтты. Ол алты айға созылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа ереже бойынша дүкен қызметкері бетке арналған маска тағуға міндетті, ал тойға 15 адамнан артық қатысуға болмайды.

Жиын мен маска тағуға қатысты ережені бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі бірінші ретке 200 фунт стерлингке дейін көбейеді. Сонымен қатар ол қажет болған жағдайда бұдан да қатаң шектеу енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Борис Джонсонның айтуынша, сейсенбі күні Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көшбасшыларымен кездескеннен кейін осыған ұқсас шаралар Ұлыбританияның барлық аймағында қабылданады.

Айта кетейік, Қазақстанда бір аптада коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 28 жағдай тіркелді.

Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады.

Сонымен қатар, әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылған. Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3 801 хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шағын және орта бизнестің 1 635 субъектісі өз еркімен қызметін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған", – деп хабарлады департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875691-koronavirus-lybritaniada-6-ajga-sozyluy-mmkin-zaa-sekteuler-engiziledi.html