RU

Алматы сандәрігерлері Оңтүстік Кореядан келген кеспеден қауіпті қоспа анықтады

Раменнан қоспа анықталды
Фото: Ұлттық сараптама орталығы

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары зерттеу барысында Оңтүстік Кореядан келген "Джин Рамен" тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және "Butter Соокіеѕ Danish Pride" түрік печеньесінің бір сынамасында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған ақпарат Ұлттық сараптама орталығы сайтында пайда болды.

Орталық ақпарынша, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерінің сынамасын сатып алған. Сараптама үшін сатып алынған барлық үлгілер Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізілген.

Раменнан қоспа анықталды
Фото: Ұлттық сараптама орталығы

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25% - ға дейін, печеньеде 47,75% - дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9% - дан аспайды.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алған. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Мамандар ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттыратынын еске салды.

Түрік печеньесі
Фото: Ұлттық сараптама орталығы

Сапасыз өнім анықталған жағдайда қазақстандықтар ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаменттеріне жүгіне алады.

Айта кетейік, осыған дейін ресейлік диетолог-дәрігер Инна Кононенко таңғы аста денсаулыққа зиян келтіретін азық-түліктерді атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875696-almaty-sandrigerleri-otstik-koreadan-kelgen-kespeden-kauipti-kospa-anyktady.html