Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Опубликовано:

Тауық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Карантин Қостанай облысының бірден үш ауылына енгізілді. Диагнозды Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, облыстың жеке шаруа қожалықтарында 220 құс осы аурудан өлген.

Арқалық құс фабрикасында да өлім фактілері туралы айтылды. Қазір сол жерде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Алайда бұл жерде құс тұмауы әлі расталмаған. Өлген құстардың саны туралы нақты деректер жоқ.

Карантин енгізілген елді мекендерде құстардың ұшалары жойылып, зарарсыздандырылып жатыр. Бұған параллель вакцинация жасалады.

"Біз 21 мың доза вакцина алдық. Қазірдің өзінде 15 550 доза қолданылды, яғни құстарға вакцина егілді. Бүгінгі күні қалғаны таусылуға жақын. Вакцинация мен айтқан елді мекендерде және оған жақын маңда жүргізілуде", – деді Қостанай облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы құс тұмауының өршуінің коронавирус пандемиясымен байланысы бар-жоғын айтқан еді.

Ал, ауыл шаруашылығы вице-министрі елде құс тұмауының таралу себебін атаған болатын.

Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы аясында құс тұмауының таралуы қазақстандықтарды мазалағаны белгілі. Көбісі ауру тіркелген өңірлердің карантинге жабылуынан қауіптенуде. Бұл ойға қатысты ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875703-kazakstandagy-ks-tmauy-kostanaj-oblysyny-s-auyly-karantinge-zabyldy/

pixel